Джо Байден сайлауға қатысудан бас тартты

Джо Байден президент сайлауына екінші рет қатысудан бас тартты.

Ол "партиямның, елімнің мүддесі үшін кандидатурамды алып тастағаным дұрыс болар" деп жазған. Бұған дейін Демократиялық партияның көптеген саясаткері Байденді саяси додадан шығуға шақырған болатын. Кейінгі кездері сауалнамаға қатысқан азаматтар "81 жастағы президент тағы 4 жылға сайлану үшін қартайды" деп айтқан. Байден жай кетпей, орнына вице-президент Камала Харристі ұсынып кетті. Демократтар атынан түпкілікті кандидат 19-22 тамызда Чикагода өтетін партия съезінде белгілі болмақ.