Олимпиада алауы Францияның Сена мен Марна департаментіне жетті
Оны Олимпиада жүлдегерлері қарсы алып, мыңдаған көрерменнің алдында жүріп өтті.
Арасында 1976 жылы Монреальде өткен жазғы ойындарда кедергілермен жүгіруден жеңімпаз атанған Ги Дрю мен Токио олимпиадасында параескек есуден қола жүлдегер Марго Буле болды. Эстафетаға сондай-ақ әлемдегі ең ұзын академиялық есу қайығы да қатысты. Айта өтейін, Сена мен Марнадан кейін эстафетаны Валь-де-Марн өңірі қабылдайды. Осыдан соң Олимпиада алауы Парижге аттанады.