Голан жотасына зымыранмен жасалған шабуылдан 12 адам көз жұмды

Голан жотасында зымыранмен соққы жасалып, 12 адам мерт болды.

Тағы 20-дан астам кісі жарақат алған. Зардап шеккендердің көбі балалар мен жеткіншектер. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс басылымы хабарлады. Олардың сөзінше, оқиға Мадждаль Шамс елді мекеніндегі футбол алаңында болған. Израиль билігі шабуылды Ливанның "Хезболла" ұйымы ұйымдастырды деп айыптап отыр. Бірақ қарсы тарап Израильдің пікірін растаған жоқ. Голан жотасында қазақстандық бітімгерлер де жүр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жерлестеріміз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.