Исмаил Хания қаза болған күні Израиль Ливанға соққы жасаған
ХАМАС қозғалысының басшысы Исмаил Хания Иранда қаза болған күні Израиль әскері Ливанға ғана бір әуе соққысын жасаған, деп хабарлайды 24kz.
Мұны ЦАХАЛ-дың ресми өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, 30 бен 31 шілде аралығында армия Бейруттегі «Хезболла» қолбасшысына шабуылдаған. Басқа ешқандай зымыран немесе дрон Таяу Шығыстың әуе кеңістігіне ұшырылмаған. Бұған дейін Хамас пен Иранның Сыртқы істер министрлігі Ханияға жасалған қастандыққа Израиль жауапты екенін мәлімдеген болатын.