Америкалық жанкүйер көпшілікті тәнті етті

Осы Олимпиада ойындарында 66 жастағы жанкүйер әйел көпшілік назарына ілікті.

Вивиан Робинсон – АҚШ-тың тумасы. Ол кейінгі 40 жыл ішінде барлық жазғы Олимпиада ойындарын барып тамашалаған. Париж – оның жетінші қаласы. Осы Олимпиадаға келу үшін екі жерде жұмыс істеп, 10 мың долларға 38 билет сатып алған. Ол америкалықтарға ғана емес, өзге елдердің спортшыларына да қолдау білдіретінін айтады. Тіпті әр мемлекеттің туын өзімен бірге алып жүреді екен. Вивиан: «Қазақстандық спортшылардың да жанкүйерімін», – дейді.

Вивиан Робинсон, Олимпиада ойындарының жанкүйері:

- Мен осы Париждегі Олимпиада ойындарын келіп көру үшін басқа жазғы Олимпиадаларға қарағанда көп ақша жұмсадым. Бұл жолғы сапарым қымбатқа түскенімен, ол мен үшін маңызды. Себебі бұл – өмір. Күш-жігеріміз барда оның барлық рақатын сезінуіміз керек. Адамдардың менің бұл ұстанымыма көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ жарыстарды осылай өз көзіңмен келіп көргенге не жетсін?!