Ресейдің Төменгі Тагил қаласында газ жарылды

Ресейдің Төменгі Тагил қаласында тұрғын үй құлап, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Құтқарушылар олардың денелерін үйінді астынан тауып алып шықты. Бұдан бөлек, 15 адам құтқарылғаны белгілі. Олардың жетеуі – бала. 9 тұрғын ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-дом алып жатыр.

Жарылыс салдарынан 5 қабатты үйдің қабырғасы сөгіліп, бір бөлігі толығымен құлаған еді. Апатқа газдың шығуы себеп. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған 550 маман, 74 техника тартылған.