Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін бе?
Иран мен ливандық «Хезболла» қозғалысы Израильге шабуыл жасауы мүмкін деген қауіп күшейіп барады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони БлИнкен осындай күдік барын ескертті. Ол "Үлкен жетілік" министрлерін ресми Тегеранға дипломатиялық қысым көрсетуге шақырып отыр. Өткен аптада Иранда ХАМАС саяси бюросының басшысы қастандықпен өлтірілген еді. Ислам республикасының билігі бұған еврей елін айыптап, жауап қайтаратынын ескерткен. "Джи 7" елдерінің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, жанжалдасушы тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырып отыр. Ахуалдың ушығуына байланысты немістің әуе тасымалдаушысы "Люфтганза" Иран мен Ирактың әуе кеңістігін айналып өтетін болды. Үндістанның "Эйр Индия" компаниясы да әзірге Израильге ұшпайды.