Қытайда өткен айда 879 мың электромобиль сатылды
Қытайда алғаш рет жанармаймен жүретін темір тұлпардан жаңа электр көліктердің сатылымы асып түсті.
Өткен айдың өзінде 879 мың электромобиль сатылған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 37% көп. Бұған дейін Еуородақ Қытайдан әкелінген электр көліктерге салық салған. Оның мөлшері 38% дейін жетуі мүмкін. Соған қарамастан сарапшылар келер жылы Еуропа нарығындағы қытайлық өнім үлесі 15% дейін артатынын болжап отыр. Өйткені «кәрі» құрлықтағы өндірушілермен салыстырғанда бағасы орта есеппен 20% төмен.