Йеменде су тасқынынан 61 адам қаза тапты
Йеменде тасқын жүріп, 61 адам опат болды.
Тағы 34 мыңнан астам адам зардап шеккен. Әсіресе елдің батыс және орталық аймақтарында табиғат апатының салдары ауыр. Мұнда көшелерді су басып, аяқ алып жүру мүмкін емес. Климаттық өзгерістің салдарынан биыл шілденің соңында жауын-шашын әдеттегіден көп түскен. Метереологтар болса нөсер жауын әзірге басылмайды деп отыр. Жергілікті билік апат салдарын жою жұмыстарына халықаралық ұйымдардан қолдау көрсетуді сұрады.