БҰҰ Бас хатшысы Африка елдерін Қауіпсіздік кеңесі құрамына қосуға шақырды

Африка елдерінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып, белсенді рөл атқаратын уақыты жетті, деп хабарлайды 24kz.

Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қауіпсіздік кеңесінде халқы 1 млрд-тан астам қара құрлықтың бірде бір тұрақты өкілінің болмауы алаңдарлық жағдай. Африка одағы ұзақ жылдар бойы кеңеске тұрақты өкіл ретінде мүшелік етуге сұранып келді. «Бірақ оларға құлақ асқан ешкім жоқ», - дейді ол. Сол себепті бас хатшы кеңес мүшелерін барлық елдің құқы мен қауіпсіздігін тең дәрежеде қамтитын халықаралық пакт құруға шақырды. Мәселе алдағы қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін Болашақ саммитінде қаралуы мүмкін.