Түркияда орман өртінен тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Түркияда орман өрті қаулап жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Кейінгі екі күнде ел бойынша 72 өрт ошағы тіркелді. Мамандардың жедел әрекет етуі арқасында 69-ы сөндірілген. Дегенмен, Измирдегі ахуал әлі де күрделі болып тұр. Екпінді жел мен аптап кесірінен жалын жылдам тарап жатыр. Тіпті тұрғын үйлерге қауіп төндіре бастаған. Бірақ өрт сөндірушілер тілсіз жауды алдағы бірнеше сағатта бақылауға алатындарын айтады. Ол үшін мыңнан аса маман, 70-ке жуық техника тартылған. Қолда бар мәлімет бойынша адам шығыны жоқ. Қауіпті аймақтағы тұрғындар эвакуациялануда.