Израиль қарсыластарымен кезекті келіссөзді жүргізеді
Газа секторындағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келіссөздердің келесі раунды келесі аптада Каирде жалғасады.
Бұған дейін Дохада тараптар ортақ келісімге келе алмаған еді. Жалпы АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, бұл жолы Израиль мен Хамас тұтқындарды босатып, атысты тоқтату туралы уағдаластыққа келуге өте жақын. Си Эн Эн хабарлауынша, араағайын тараптар алдағы келіссөздерге жаңа ұсыныс әзірлеп шыққан. Десе де, Иранның қақтығысқа араласуы бейбіт келісімге келуге кері әсер етуі мүмкін екені айтылады.