Пәкістанда маймыл шешегіне қарсы шаралар қабылданды
Пәкістан ауруханалары маймыл шешегі дертінің таралуына қарсы дайындық жұмыстарын қолға алды.
Мәселен, науқас деп танылған азаматтар үшін енді ПешавАр қаласындағы медициналық мекеме толығымен оқшауда қалады. Айта кетейін, кеше ел аумағында аталған вирусты жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Инфекция Сауд Арабиясынан оралған туристтен анықталды. Алайда медициналық тексеруден кейін үйіне оралған науқас жоғалып кеткен. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Пәкістан әуежайларында бақылау күшейтіліп, медицина мамандары тартылған. Бөлмелер мен жүкті жаппай зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған.