Коннектикут штатындағы жауын-шашын салдары. LIVE
Бірнеше күнге созылған рекордтық жауын шашын Коннектикут халқын әбігерге салды.
Бұрын-соңды болмаған нөсердің салдарынан мыңдаған тұрғын баспанасыз қалып, жүздегені эвакуацияланды. Штат аумағында төтенше жағдай жарияланды. Жойқын су тасқынына не себеп болды? Оның алдын алу мүмкін болды ма?
Су тасқынынан зардап шеккендер жайлы не айтасыз? Штатқа қандай зақым келді? Адам шығындары бар ма?
Талғат Алманов, тілші:
- АҚШ-тың метеорологиялық қызметі осыншалық жауын-шашынның рекордтық деңгейге жететінін қалайша болжай алмады деген сұрақтың туындауы заңды. Алайда жауын ауа райын болжауға келгенде метеорологтардың компьютерлік модельдері нөсердің бір аймаққа шоғырланатынын есептеп үлгермеген. Оның басты себебі конвергенцияда. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, аз уақыттың ішінде жаңбырдың бір аймақта тоқтаусыз және жиі-жиі жаууы осындай аномалияға алып келеді екен. Мәселен, метеорологтар Коннектикуттың оңтүстік-батысында 6 см-ге дейін жаңбыр жауу мүмкіндігі деп болжағанымен аз уақыттың ішінде оның деңгейі 30 см-ге дейін жетті.
Су тасқынынан зардап шеккендер жайлы не айтасыз? Штатқа қандай зақым келді? Адам шығындары бар ма?
Талғат Алманов, тілші:
- Өкінішке орай, адам шығыны тіркелді. Тілсіз жаудың құрсауында қалған Оксфорд қаласының 65 және 71 жастағы екі тұрғыны қайтыс болды. Сонымен қатар 800-ге жуық электр қуаты үзілді, көпірлер мен қаланың инфрақұрылымына зардап әкелді. Жүздеген адам эвакуацияланып, мыңдағаны баспанасыз қалды. Өңір басшысы Нед Ламонт штатта төтенше жағдай жариялап, халыққа көмек көрсетілетінін айтты.