Қытайда бүтін бір қаланы су шайып кетті
Оқиға Ляонин провинциясында болды, деп хабарлайды 24kz.
Толассыз нөсер жауып өзендер арнасынан тасып жатыр.
Хулудао шаһарында 7 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл судың құрсауында қалған 100-ден астам тұрғын құтқарылды. Елдің солтүстік-шығысындағы 28 елді мекенде жарық пен байланыс үзілген. Зардап шеккендер тікұшақпен шығарылып жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.