Бангладеште 3 млн тұрғын тасқынның зардабын тартып отыр

Бангладеште тасқыннан 3 миллионға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.

Қазір елде жауын-шашын маусымы жүріп жатыр. Содан өзендер тасып, 200-ден аса елді мекенді су басқан. 15 адам опат болды. Мұндай тасқын 37 жыл бұрын болған екен. Елде жауын-шашын маусымы жазда басталып, қазанға дейн жалғасады. Осы уақыт аралығында тасқын жиілеп кетеді. Бангладешпен шекаралас Үндістанның Трипура штатында да тасқынға байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды. Мұнда 11 адам опат болған. Өңірде мектептер жабылып, баспанасыз қалған тұрғындар үшін 300-ден аса уақытша орталық ашылған.