Египеттен астрономия обсерваториясы табылды

Египеттік археологтар Кафр-әл-Шейх провинциясында көне астрономиялық обсерваторияны тапты.

Ғалымдардың пайымынша, топырақ астынан шыққан нысан біздің заманымызға дейінгі алтыншы ғасырда салынған. Өңделмеген кірпіштен қаланған ғылыми мекеме жергілікті ғибадатханалардың бірінде орналасқан көрінеді. Оның ішінен күн сағаты, өлшеу құралдар секілді түрлі жәдігерлер табылған. Мамандар көне обсерватория алдағы уақытта толық зерттеуді қажет ететін айтады. Себебі ол осыған дейін анықталған астрономиялық мекемелердің ішіндегі ең ірісі саналады.