Иордан өзенінің батыс жағалауында ауқымды операция жүргізіліп жатыр

Израиль Иордан өзеннің батыс жағалауында лаңкестікке қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр.

Ол аймақтың солтүстігіндегі 4 қалада өткізілуде. Еврей елінің әскері ХАМАС ұйымына қарсы рейдті жиі жүргізеді. Бірақ бұл жолы жауынгерлер алғаш рет бірден бірнеше қалаға кірген. Қазір ол елді мекендерде көлік қозғалысы тоқтап тұр. Операция салдарынан қаза тапқандар бар. Палестинаның қызыл жарты ай ұйымы 11 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Израиль тарапы олардың тоғызы содыр болғанын айтады. Осыған байланысты Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Сауд Арабиясына іссапарын мерзімінен бұрын аяқтап, өңірге қайтуға мәжбүр болған.