Грузияда жүзім жинау мезгілі басталды
Грузияда «Ртвели» атты күзгі жүзім жинау мезгілі басталды.
Қазанға дейін жалғасатын бұл науқанды гүржі халқы мереке ретінде атап өтеді.
Грузияда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ртвели» күзгі жүзім жинау науқаны басталды. Жергілікті халық бұл мезгілге ежелден мейрам ретінде қарайды. Сондықтан жұрт оны той-думанмен атқарады, дейді бұрынғы регбист ал қазір шарап жасаумен айналысатын Шота.
Шота Цховребашвили, шарап жасаушы:
- Мен бұрыннан шарап өндірісімен айналысқым келді. Себебі осы іс арқылы өзіңді грузин сезінесің. Грузияға оралғанымда отбасыммен 3 жылдай Тбилисиде тұрдық. Кейін Сагареджодағы атамның үйіне көштік. Қазір аумағы 1 гектар болатын шағын жүзім алқабымыз бар. Онда ркацители мен саперави өсіреміз. Біздің жүзімдік әлі жас, небәрі 7 жыл бұрын отырғызылды. Жалпы жақсы шарап шығуы үшін оған жыл бойы күтім керек. Осының бәрін біз отбасымызбен бірге жасаймыз. Кейде достарымыз көмектесіп тұрады.
Грузияда жүзімнің 500-ден астам түрі бар. Оның 430-ы тек осы елде ғана өсіріледі. Шарап өндірісіне келер болсақ, бүгінде Грузия экономикасы үшін маңызды табыс көздерінің бірі. Былтыр аталған сусын экспортынан ел қазынасына 250 миллион доллар қаржы түскен. Ал Шотаның шағын шаруашылығы жылына 5 тонна шарап өндіреді. және ол мұнымен тоқтап қалмақ емес.
Шота Цховребашвили, шарап жасаушы:
- Мына шарап жертөлесін кезінде менің ата-бабам жасаған. Оған 100 жылдай болған шығар. Біз оны шамалы жөндеуден өткізіп, бірнеше қондырғы орнаттық. Соның арқасында шарабымыз сапалырақ шығады. Қоймадағы шараптардың сақталып тұрғанына қазір 4 жыл болды. Оны келесі бір-ақ ашамыз.
Көне дәстүр бойынша гүржі халық жүзім жинау науқаны аяқталған соң мерекелік дастарқан жаяды. Сөйтіп өткен жылғы өнімнен жасалған шараппен думандатады.
Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили