Кенияда мектеп жатақханасы өртеніп, 17 бала қаза тапты

Кенияда мектепте өрт шығып, 17 бала қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Мамандар құрбандар саны әлі де арта түседі деп қауіптеніп отыр. Өйткені жарақат алған 10-нан аса баланың жағдайы ауыр. Оқиға елдің орталық бөлігіндегі интернаттың жатақханасында түн ортасында болған. Төтенше жағдай кезінде мұнда 150-дей оқушы болыпты. Куәгерлер ғимараттың әп-сәтте жанып кеткенін айтады. Өйткені жатақхана ғимараты ағаштан тұрғызылған екен. Сол себептен Кенияда мұндай оқыс оқиғалар жиі болып тұрады. Бұл жолы оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз.