Кенияда мектеп-интернат өртеніп, көз жұмғандар саны 21-ге жетті

Кенияның оңтүстігіндегі мектеп-интернатында болған өрттен көз жұмғандардың саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 13 баланың денесін күйік шалған. Бұл туралы ел үкіметіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Қаза тапқан ұл балалар 4 пен 8-сынып аралығындағы оқушылар. Аталған мектеп-интернатта жалпы саны 156 оқушы тұрған.