Ливан мен Сирияда жүздеген адамның пейджері жарылды
Ливан мен Сирияда бір уақытта жүздеген адамның пейджері жарылды.
Соның салдарынан 2 мыңнан астам адам жарақат алып, 9 адам көз жұмды. Тағы 170 тұрғын ауыр халде ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің ішінде Ливан елшісі де бар. Оқиға Ливанның оңтүстігіндегі Бейрутте, шығысындағы Бека ауданында сондай-ақ, Сирия астанасы Дамаскіде болған. Хезболла өкілдерінің айтуынша, бұл оқиғаға Израильдің арнайы қызметі жауапты. Олар байланыс құралдарына қашықтан бұзып кіріп, пейджерлерді жаппай жарған. Айта кетейік, Ливанда бұл құрылғыны Хезболла мүшелері қолданады. Осыдан бірнеше ай бұрын аталған топтың көшбасшысы қауіпсіздік мақсатында жасақ мүшелеріне смартфоннан пейджерге ауысу туралы тапсырма берген болатын.