Х.Насралла: «Хезболла» Израиль шабуылын аяқсыз қалдырмайды
«Ливандағы электронды құрылғылардың жарылуы – соғысқа әкелетін лаңкестік шабуыл. Израиль мұндай әрекет арқылы көптеген бейбіт тұрғынның өміріне қауіп төндірді».
«Хезболла» ұйымының жетекшісі Хасан Насралла Ливандағы соңғы оқиғаларға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, «Израильдің бұл шабуылдары шектен шыққандық әрі әскери қылмыс. Сондықтан «Хезболла» мұны аяқсыз қалдырмайды», - деп ескертті.