Ливанда құрбандар саны 569 адамға жетті
Кейінгі ақпарат бойынша Ливандағы Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандардң жалпы саны 569 адамға жетті.
Жараланғандар қатары 1800-ден асып кеткен. Бұл туралы араб елінің денсаулық сақтау министрі арнаулы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Израиль әскерінің мәліметі бойынша құрбандар арасында «Хезболла» ұйымы зымыран жүйесінің бір сардары бар.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль Ливандағы әскери операцияны 23 қыркүйекте бастаған болатын. Содан бері екі жақ та бірін-бірі зымыранмен атқылап жатыр.