Ливанда бір күнде 35 бала көз жұмды

Израильдің әуе шабуылынан Ливанда бір күнде 35 бала көз жұмды.

Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды. Халықаралық ұйым мүшелері атыс-шабыс жасөспірімдердің психикалық жағдайына кері әсер етіп жатқанын да айтады. Сонымен қоса шиеленіс балалардың білім алуына кедергі келтіріп тұр. Ливандағы мектептерде сабақ тоқтады. Қазір онда эвакуацияланған тұрғындарды орналастырып жатыр.