Израиль шабуылынан ХАМАС басшысы қаза тапты
Израиль әскерінің әуе соққысынан ХАМАС штабының Ливандағы жетекшісі қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
The Times of Israel мәліметі бойынша Фатх Шариф Абу әл-Аминнің үйін атқылау кезінде оның отбасы мүшелері де көз жұмған.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйек күні Сирияның оңтүстігіндегі ХАМАС тобының жетекшісі Ахмад Мұхаммед Фахд та Израиль қорғаныс армиясының шабуылынан опат болған еді.