Израиль әуе шабуылынан 22 ливандық қаза тапты
Израиль Бейрутты бомбалап, 22 адам қаза тапты.
Бұл туралы араб елінің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Тағы 117 ливандық жараланған. Негізі Израиль әскері "Хезболла" қозғалысының өкілі Вафик Сафаны нысанаға алған, бірақ ол аман қалды. "Хезболла" да қарап жатқан жоқ. Израиль жаққа 190-ға жуық зымыран атқан. Естеріңізге сала кетейік, Израиль қыркүйек айының аяғынан бері Ливан астанасы Бейрут пен елдің оңтүстігін дамылсыз бомбалап жатыр.