Израиль ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың көзі жойылғанын растады
Газа секторында ХАМАС ұйымының жетекшісі Яхья Синвардің көз жойылды. Бұл туралы Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кац хабарлады.
Еврей армиясы кеше Газа секторының оңтүстігінде өткен операция барысында Синварды мерт қылған. ЦАХАЛ-дың ресми өкілі Даниэль Хагаридің айтуынша, Рафах қаласының бір ауданында үйден үйге қашып жүрген 3 террористі байқаған Израиль күштері үшеуінің де көзін жойған. Қаза тапқан екі адам – ХАМАС жетекшісінің күзетшілері.
Айта кетейік, Израиль әскері тамыз айында ХАМАС қозғалысының бұрынғы басшысы Исмаил Ханияны өлтірген болатын. Содан соң Яхья Синвар осы ұйымның жетекшісі болып тағайындалған.