Израиль әскері Ливан мен Газа секторындағы 150 нысанды атқылады

Израиль әскері кейінгі бір тәулікте Ливан мен Газа секторындағы 150 нысанды әуеден атқылады, деп хабарлайды 24kz.

Әскерилер Ливанда «Хезболла» ұйымының қару-жарақ қоймаларын, жерасты туннельдері мен бақылау мұнараларын көздегендерін айтады. Ал Газа секторында палестиналық босқындар лагері шабуылға ұшыраған. Олардың мәлімдеуінше, онда ХАМАС мүшелерінің әскери инфрақұрылымдары болған. «Лагерьді нысанға алуымыздың себебі де осы», - дейді.