Грекиялық шаруалар мидияның 90% айырылып қалды
Грекиялық шаруалар шығынға батты, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті фермерлер мидияның 90%-інен айырылып қалды. Оған ел аумағында болған рекордтық аптап себеп. Жазда күн 43 градусқа дейін көтерілген болатын. Мұндай температура теңіз жануарлары үшін өте қауіпті саналады. Грекия мидия өсіру бойынша Кәрі құрлықтағы көшбасшы елдің бірі саналады. Жылына шамамен 40 мың тонна өнім алынады. Соның барлығы дерлік экспортқа жіберіледі.