Оңтүстік Кореяда жұмыссыздық белең алып барады

Оңтүстік Кореяда жұмыссыздық белең алып барады, деп хабарлайды 24kz.

Бір жылдың өзінде екі қолға бір күрек таппай жүргендер қатары 245 мыңға артқан. Қазір олардың жалпы саны 16 млн-ға жетеді. Бұл – еңбекке жарамды халықтың 2,5%-і. Статистика басқармасы келтірген дерекке сәйкес, жұмыссыздық деңгейінің артуына тұрғындардың үй шаруашылығымен айналысуға ден қоюы себеп. Елдегі жұмыссыздардың 40%-і осы бағытты жөн көрген. 20%-інің жағдайы оқумен байланысты. Қалғандары уақытша үзіліс алғанын хабарлаған.