Нью-Йоркте Трампқа қарсы наразылық акциясы басталды

Нью-Йоркте жүздеген адам Дональд Трампқа қарсы бас көтерді, деп хабарлайды 24kz.

«Біз бостандығымызды және болашағымызды қорғаймыз!» деген плакат көтерген ереуілшілер Манхэттеннің орталығымен жүріп өткен. Олар Трамптың «Заңсыз мигранттарды елден қуамыз» деген ұстанымына наразы. Саясаткер сайлауалды науқаны кезінде «Президент қызметіне кіріскен бетте шекараны күшейтіп, заңсыз мигранттарды депортация жасаймын», деп мәлімдеген еді. The Wall Street Journal басылымының есебі бойынша АҚШ-тан 20 млн босқын еліне қайтарылуы мүмкін.