Молдовада сайлау мен референдумдағы қателіктер бойынша тыңдау өтеді
Молдова парламенті Президент сайлауы мен Еуроодақ құрамына кіру туралы референдумдағы заңбұзушылықтарға қатысты тыңдау өткізеді, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені оппозиция дауыс беру кезінде өрескел қателіктерге жол берілгенін айтады. Халықаралық талаптардың бұзылу оқиғаларын шетелдік байқаушылар да тіркеген. Бірақ орталық сайлау комиссиясы ескертулерді елемеген. Президент сайлауы екі кезеңнен өткен еді. 3 қарашадағы екінші турдың нәтижесі бойынша қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду жеңіске жеткен. Оны дауыс берушілердің 55% қолдаған. Ал қазанның соңында өткен референдум қорытындысы бойынша көбі мемлекеттің Еуроодаққа мүше болуын құптаған.