Испания «алтын виза» ережесін алып тастайды
Ел парламентінің төменгі палатасы тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Енді бұл бастама Сенаттың қарауына жіберіледі. Егер жоғарғы палатада мақұлданса, келер жылдан бастап шетелдіктер жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы ел аумағында өмір сүру мүмкіндігінен айырылады. Кейінгі кезде Кәрі құрлықта мұндай визаларға деген қызығушылық артқан. Әсіресе, өз еліндегі саяси тұрақсыздыққа көңілі толмайтын азаматтар арасында сұраныс көп. Трамптың қайта сайлануымен «алтын виза» алуға ұмтылатын америкалықтар саны күрт өседі деген де болжам бар. Бұл туралы Euronews хабарлады.