Сицилия аралы су дағдарысына ұшырады
Италияның Сицилия аралында су дағдарысы өршіп барады.
Оған жергілікті халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Анчипа қоймасындағы су қорының азаюы себеп. Мамандар ол әрі кетсе 2 жарым айға ғана жетеді дейді. Жауаптылар жағдайды климаттың өзгеруімен байланыстырады. Аралда қаншама жыл қатарынан рекордтық температура тіркелді. 2021 жылы көрсеткіш 48,8 градусқа дейін жеткен. Содан өңірді қуаңшылық жайлап, билік төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды.