Италия Помпейге келетін турист санына шектеу қояды
Италия билігі Помпейге келетін туристер санына шектеу енгізеді.
Өйткені көне қаланы көргісі келетіндер қатары тым көп. Былтыр жазда 4 миллион саяхатшы келген. Содан көне жәдігерлердің бүліну қаупі артқан. Енді күніне 20 мың адам ғана қалаға кіре алады. Сөйтіп, әр билетке адамың аты-жөні жазылады. Бұған дейін Венеция қаласының билігі де саяхатшылардың көптігіне байланысты олардың санын шектеу туралы шешім қабылдаған.