Климат мәселелерін шешуге балалар қатысады
Биыл COP-29 халықаралық климаттық саммитінде алғаш рет балаларға арналған ашық диалог алаңы құрылмақ.
Яғни ересектермен қатар жасөсіпірімдер де өз пікірін ортаға салады. Өйткені климаттың өзгеруі білім беру саласына кері әсер етіп отыр.
ЮНИСЕФ-тің дерегі бойынша, кейінгі 2 жылда 400 миллион бала мектепке бара алмаған.
Балалардың көп нәрседе құқы шектелуінің тағы бір ұшы, қақтығыстар. Қазірде жазу-сызудан бөлек ауыз суға зәру балалар көп.
COP-29: климаттық мәселерді шешуге балалар қатысады
Әзербайжан, Баку
"Балаларға қатысты мәселе, олардың қатысуымен шешілуге тиіс!" Бұл биылғы жаһандық климаттық саммиттегі жасөспірімдердің қауымдастық өкілдеріне қойған талабы. Жалпы табиғи апат төну қаупі жоғары 50-ден астам елде, 1 миллиардан астам бала бар. Климаттық индекс бойынша орталықтың, статистикасы ойынша, 200 миллионнан астам бала су тасқыны қаупі жоғары аймақта тұрады. 820 миллион жеткіншек аптап ыстықтың, 920 миллион бала ауыз су тапшылығының зардабын тартып отыр. Сондай-ақ ауаның ластануынан 815 миллион бала түрлі ауру-сырқауға шалдыққан. Әсіресе, жағдай Шығыс Азия мен Тынық мұхитына жақын орналасқан Мьянма, Филиппин, Жаңа-Папуа Гвинея, Оңтүстік Корея сынды елдерде күрделі.
Cу тасқынынан - 240 млн бала
Аптап ыстықтан - 820 млн бала
Ауыз су тапшылығынан - 920 млн бала
Ауаның ластануынан - 815 млн бала зардап шегеді
ӘЗЕРБАЙЖАН, БАКУ
Франсиско Вера Мансанарес, климатты қорғау бойынша белсенді:
- Мен Колумбиядан келдім. 2019 жылы Амазонка орманындағы алапат өрттен қатты зардап шектік. Содан бері, мені климатқа қатысты мәселелер толғандыра бастады. Шығын орнын қалай толтыруға болады деген сауалдар мазалайтын болды. Мұндай жағдай тек менің елімде емес, қаншама мемлекетте болып жатыр. Сондықтан, біз бұл жағдайға бей-жай қарай алмаймыз.
Китти Ван Дер Хайден, ЮНИСЕФ бас директорының көмекшісі:
Әлемдегі барлық бала үшін біз қажетті шараларды жеткілікті жасамаймыз. Біз олардың үмітін ақтамаймыз. Биылғы климаттық саммиттің аясында балаларға бағытталған Климаттық қаржыландыру үлесін едәуір арттыруға кұш жұмсалу керек. Сондықтан да, келіссөздерге балалар мен жастардың қатысуы маңызды шешім. табылады. Біз саясаттың олардың қажеттіліктерін ескергенін қалаймыз және бұл саясатты халықаралық қауымдастық қаржыландырғанын қалаймыз.
Әлемде 400 млн бала қақтығыс аймағында өмір сүріп жатыр
Балалар табиғи апаттың ғана емес, адамзат қолымен жасалған қарулы қақтығыстардың да құрбаны. Қазір әлемде, 400 миллионға жуық бала қарулы қақтығыс аймағында өмір сүріп жатыр. Біріккен ұлттар ұйымы балалар құқығын бұзу жағдайлары артып бара жатқанын айтады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, былтыр аталған жайт бойынша 33 мыңға жуық дерек тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 пайызға артық. Балаларға қарсы қылмыстардың басым бөлігі Газа секторы, Ливан, Буркина-Фасо, Мьянма, Сирия мен Сомалиде жасалған.
Газа секторында әр 10 минут сайын бір бала көз жұмады
Газа секторы
Мәселен, Газа секторында әр 10 минут сайын бір балғын көз жұмады. Ал қақтығыс басталғалы 14 мыңнан астам сәби мен жеткіншек қайтыс болған. Олардың басым бөлігі шетінеп кеткен. Бұл – әлем бойынша кейінгі 4 жылдағы балалар өліміндегі ең жоғары көрсеткіш. ЮНИСЕФ ұйымының дерегіне сәйкес, аймақтағы балалардың 78 мыңы 2 жасқа дейінгі сәбилер.
Оның ішінде шамамен 65 мың бала көру, есту, жүру, түсіну қабілетінен айырылған. 2 жасқа дейінгі 8 мыңға жуық бала дұрыс тамақтанбаудан жапа шегіп отыр. 5 жасқа дейінгі 175 мың бала түрлі жұқпалы аурудың зардабын тартып отыр. Олардың барлығы психикалық және психоәлеуметтік қолдауға мұқтаж.
65 мың бала - көру, есту, жүру, түсіну қабілетінен айырылған
2 жасқа дейінгі 8 мың бала - дұрыс тамақтанбаудан зардап шегіп отыр
5 жасқа дейінгі 175 мың бала - жұқпалы ауруларға шалдыққан
ЦИТАТА:
1 жылдан астам уақыттан бері жалғасып жатқан қақтығыс балалардың өмірін тас талқан етті. Шабуылдардың кесірінен оларға физикалық және психикалық, зорлық-зомбылық қаупі төніп тұр.
Кэтрин Рассел, ЮНИСЕФ ұйымының атқарушы директоры