Гватемалада 4000 тонна кокаин тәркіленді
Гватемаланың Жағалау күзеті 4 мың келі кокаин тәркіледі, деп хабарлайды 24kz.
Күмәнді зат Кариб теңізінің жағасындағы кемеден табылған. Қылмыскерлер жасырынып үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша олар есірткіні Орталық Америка немесе Мексика арқылы АҚШ-қа жібермек болған. Гватемала билігі жыл басынан бері барлығы 12 тоннадан астам осындай заңсыз тауарды қолды еткенін айтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп екен. Біріккен ұлттар ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, кокаин тарату бойынша әлемде Колумбия көш бастап тұр. Бұл елде былтырдың өзінде 2600 тоннадан астам ақ ұнтақ тәркіленген.
«Бұл – кейінгі 23 жылдағы ең жоғары көрсеткіш», - дейді мамандар.