Оңтүстік Корея инженерлері дөңгелегі «жұмсақ» арба жасап шығарды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда қозғалуы жеңілдейді, деп хабарлайды 24KZ. Мүгедектер арбасын жасап шығарған Оңтүстік Корея инженерлері осылай дейді. Бұл арбаның ерекшелігі дөңгелегінде.

Оңтүстік Корея инженерлерінің жасап шығарған арбасы – мынау. Кәдімгі құралдар баспалдақпен көтеріле алмай не тегіс емес жермен қозғала алмай қиналады. Ал мына арбаның дөңгелегі сондай жағдайларға бейімделген. Сонда кедергінің үстімен өткенде жұмсақ бола алады.  

Мамандар: «Ең бастысы, дөңгелектің қаттылығын өзгерту үшін күрделі механизмдер мен датчиктер орнатып қажет емес», – дейді. Арба сағатына 30 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Дөңгелегі өзінің радиусынан 1,5 есе үлкен кедергілерден өтуге қауқарлы. 

Сон Сон Хёк, машина жасау институтының бас ғылыми қызметкері:

- Бұл – әлемдегі алғашқы технология. Дөңгелек шынайы уақыт режимінде қаттылығын өзгертеді. Кедергіге келгенде жұмсарады. Тегіс жолда қайтадан қатты бола алады.

Мамандар бұл дөңгелектердің қолдану аясын кеңейтуге болатынын айтады. Мысалы, «Мобильді құрылғылар мен өнеркәсіптік роботтар жасағанда көп көмегі тиюі мүмкін», – дейді.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева.