Исландияда жанартау атқылап жатыр
Исландияның Рейкьянес түбегінде жанартау атқылай бастады.
Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, Гриндавик қаласының халқы эвакуацияланып жатыр. Сонымен қоса мұнда орналасқан танымал "Көгілдір мүйіс" геотермалды шипажайының келушілері де қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл жанартау кейінгі бір жыл ішінде осымен жетінші рет атқылап жатыр. Айта кеткен жөн, Исландия, Еуразия мен Солтүстік Америкалық тектоникалық, плиталардың түйісу шекарасында орналасқан. Сол себепті сейсмикалық белсенділігі жоғары аймаққа жатады.