Ford компаниясы төрт мың адамды жұмыстан қысқартады

Ford компаниясы төрт мың адамды жұмыстан қысқартады

Форд компаниясы 2027 жылға дейін Еуропадағы қызметкерлерінің 14 пайызын, яғни 4 мың адамды қысқартуға ниетті.

Көбі Германияда жұмыс істейтін мамандар. Кейінгі жылдары автоөндірушінің шығындары артқан. Себебі өндірістің электрмобильдерге ауысуына байланысты мемлекет тарапынан қолдау аз. Оның үстіне қытайлық компаниялар тарапынан бәсеке жоғары. Бұл аздай компанияның электрлік көліктеріне де сұраныс төмен боп тұр. Сөйтіп, Еуропада жыл басынан бері олардың сатылымы 6 пайызға азайған.