Пәкістанда қарулы топ автокөліктерге оқ жаудырып, 41 адам қаза тапты

Пәкістанда қару асынған белгісіз топ 200-ден астам жолаушылар мінген жеңіл көлікке оқ жаудырып, 41 адам мерт болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 16 адам жарақат алған. Құрбандардың дені – әйелдер мен балалар. Бұл туралы жергілікті полиция BBC агенттігіне хабарлады. Олардың айтуынша, автокөліктерге Пәкістанның Куррам тайпалық округі маңында Ауғанстан шекарасына жақын жерде шабуыл жасалған. Билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес қарулы топ әуеліде колоннаның полиция эскортын өлтірмек болған. Құрбандар саны әлде де артуы мүмкін.