Босния және Герцеговина астанасында қар жауып, жұртты әбігерге салды

Босния және Герцеговина астанасында түні бойы қар жауды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ақ ұлпаның қалыңдығы бір түнде 30 сантиметрге жеткен. Сараево мен айналасындағы елді мекендерде кептеліс орнап, көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет мамандары мен техникасы аяқ астынан жауған қарға дайын болмай шықты. Ел астанасындағы бірнеше басты жол мүлде жабылып қалды. Тұрғындар әдетте бұл уақытта қар жаумайтынын айтады. Сынап бағанасы минус 10 градусқа дейін төмендеген. Метеорологтар қолайсыз күн райына Балқан түбегіне соққан Арктикалық ауа ағыны себеп деп мәлімдеді.