АҚШ-та жарты млн-нан астам адам жарықсыз отыр
АҚШ-тың Тынық мұхиты жағындағы солтүстік-батыс аймағында тағы дүлей дауыл соқты, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті мамандар мұны қысқы боран дейді. Әзірге қар жаумаған. Бірақ екпінді жел электр желілерін үзіп, ағаштарды опырды. Вашингтон штатында табиғи апат салдарынан 2 адам ажал құшқан. Апта басында бірінші дауыл соғып, жарты млн-нан астам адам жарықсыз қалған еді. Жауапты мамандар электр тоғын әлі жалғамаған. 260 мыңға жуық тұрғын үй мен бизнес нысаны жарықсыз отыр.
Мелани Кун, энергетикалық компания өкілі:
- Осы аптада кейінгі 10 жылда болмаған дүлей соқты. Жарты млн-нан астам тұрғынға бірнеше күннен бері әлі жарық бере алмай отырмыз. Біз табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықтық. Қосымша жүздеген маман тартты. Жұмыс бастан асады. Біздің тұрғындар бұлай ұзақ уақыт жарықсыз отырып көрмеген. Сабыр сақтауға шақырамыз.