ЕО Израильдің қос министрін тұтқындау туралы сот шешімін жүзеге асыруға келісті

Халықаралық қылмыстық соттың Израиль премьер-министрі мен бұрынғы қорғаныс министрін тұтқындау туралы шешімі міндетті түрде іске асуы керек. Еуроодақтың жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Иорданиядағы баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

Боррель: «Бұл саяси шешім емес, халықаралық соттың міндеттемесі. Сол себепті Еуроодақ елдері мәселеге құлақ асып, оған құрметпен қарауға тиіс», - деді. Боррель Иорданияда Газа секторы мен Ливандағы қақтығысты тоқтатуға қолжеткізу мақсатында бейбіт келісімдерді талқылау кеңесін өткізіп жатыр.

Жозеп Боррель, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Газадағы текетіреске нүкте қойылуы тиіс. Бұл – халықаралық соттың соңғы шешімі, бұл – әділ шешім. Оған құрметпен қарауға тиіспіз. Сондықтан мен халықаралық қылмыстық соттың Премьер-министр Нетаньяхуды, бұрынғы Қорғаныс министрі Галант мырзаны және ХАМАС көшбасшысы Дэйвті қамауға алу туралы шешімін ескеремін. Бұл шешімді сотқа қатысушы мемлекеттер мен Еуроодақтың барлық мүшелері орындауға міндетті.

 

Ұлыбритания мен Канада Израильге қатысты сот шешімін мақұлдады

Ұлыбритания мен Канада Израильге қатысты сот шешімін орындауды міндетке алды. Қос елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галант шекарадан өткен жағдайда міндетті түрде тұтқындайтынын мәлімдеді. Қазір Ұлыбритания билігі құжатты ратификациялау процесін бастап кетті. Ал, АҚШ президенті Джо Байден Гаага сотының шектен шыққанын атап өтіп, Израильдің қауіпсіздігін қолдайтынын мәлімдеді.