АҚШ-та қазақ дәмханалары көбейіп келеді

АҚШ-та қазақ дәмханалары көбейіп келеді

АҚШ-та қазақ мейрамханаларының қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды 24kz.

Қазірдің өзінде Чикаго қаласында үш дәмхана жұмыс істейді. Олардың ас мәзірінен қазақ, өзбек, ұйғыр тағамдарының жиырмадан аса түрін табуға болады. Жалпы Чикагоға Орта Азиядан көшіп келгендер өте көп. Осыны ескерген 25 жастағы студент Ақылбек өзбекстандық серіктесімен бірлесіп, азиялықтарға арналған мейрамхана ашқан. «Ұлттық тағамдарды ұсыну – америкалықтарға Қазақстанды таныстырудың бірден-бір жолы», - дейді ол.

Ақылбек Тағабергенов, дәмхана иесі:

- Бізде 50-60%-і қытайлар, ал қалған 35-40%-і өзіміздің адамдар. 10-15%-і америкалықтар. Олар көбіне біздің тағамдарды білмеген соң енді үйреніп жатыр. Құдай қаласа, екі үш жылдың ішінде жергілікті халық көбірек келеді деген үміттеміз.

Жәнібек Дүзелбай, дәмханаға келуші:

- Елді таныстырудың ең жақсы жолы тамақ. Тамақты ұсына отыра, мәдениетті айтқан кезде оларға жағымды естіледі. Әрі өтеді. Біздің тамақтар оларға жаңа болып көрінеді. Әркез қонақтарымызды осында әкелеміз.