МАГАТЭ Иранға қатысты қарар қабылдады

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басқарушы кеңесі Иранды сынға алатын қарар қабылдады. Онда Ислам Республикасының ядролық мәселе бойынша МАГАТЭ-мен дұрыс серіктестік орнатпағаны айтылған. Құжатқа сәйкес билік елдегі ядролық қару туралы баяндама дайындауы тиіс. Сонымен қоса өз нысандарында МАГАТЭ инспекторларының тексеріс жүргізуіне рұқсат беруді талап етеді.

Қарар авторлары: Франция, Германия, Ұлыбритания мен АҚШ. Ал Ресей, Қытай мен Буркина-Фасо қарсы дауыс берген. Иран тарапы құжатпен келіспейтіндерін айтып, жауап ретінде ядролық материалдарды байыту үшін жаңа құрылғыларды іске қосатынын жеткізді.