Францияда 200 мың тұрғын жарықсыз қалды
Францияның біраз бөлігінде көлік қозғалысы әлі қалпына келген жоқ. Кеше мұнда көп қар жауып, пойыздар тоқтаған. Қоғамдық көлік қозғалысы шектелді. Жолдар жабылған.
Соңғы мәлімет бойынша 200 мың тұрғын жарықсыз отыр. Билік тек ертең кешке ғана электр энергиясының берілуі қалпына келтірілетінін айтады. Елдегі 96 аймақтың 31-інде ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Ал мамандар: «Альпі тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін», – деп отыр.