Табиғи апаттан зардап шеккен елдерге $300 млрд бөлінеді
Табиғи апаттардан зардап шеккен елдерге 300 миллиард АҚШ доллары бөлінеді. Биылғы КОП 29 (COP29) климаттық саммитінде осындай қорытынды шешім шықты.
Әзербайжан астанасы Бакуде өткен маңызды келіссөзде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер осындай ортақ мәмілеге келді. Аталған қаражат жаһандық жылыну салдарымен күресу үшін дамушы елдерге көмек ретінде аударылады. Дегенмен бұл көмекке мұқтаж елдер сұраған 1,3 триллион доллардан аз. Осыны алға тартып, Үндістан, Нигерия өкілдері бөлінген қаражат мөлшеріне көңілі толмайтынын айтты. Алайда бұл сома 2009 жылғы бөлінген 100 миллиард долларлық мәміледен үш есе көп.