Израильде 400-ден астам палестиналық тергелді

Израиль билігі ел аумағында Палестина жұртын қолдап, соғысқа қарсы пікір білдірушілерге қарсы ережені қатаңдатады. Газа секторында қақтығыс басталғалы еврей полициясы 400-ден астам палестиналықты тергеген. Елдегі заңға сәйкес террористік топқа қатысы бар деген айыппен бірқатары түрмеге қамалды. Сондай-ақ қызметінен босатылып, білім беру саласында қудаланғандар көп.

Жалпы Израильде Палестинаның 2 миллионға жуық азаматы бар. Олар қақтығыстар кезінде, шекарада қалып қойған. Содан бері ел билігінің қатаң бақылауына алынған. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, әлеуметтік желілерге жарияланған жазба үшін сотталып кету қаупі бар.